Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке бүкіл қазақстандықтар үшін тарихи оқиға болып табылатын ұлт мерекесі. Бұл күн бәрімізге шаттық, жасампаздық, шамырқанған шабыт сыйлап, әр үйде, әр отбасында бақуатты тұрмыс орнап, халқымыз өр мінезді қалпынан айнымай, әрдайым берекелі бірлігіміздің арқасында тек қана ұлы жеңістер үдесінен көрінейік!
Осы мереке күні мемлекетіміз үшін мақтаныш сезімі бойымызды билеп, тек қана бірлік пен татулық райымыздан айырылмайық! Зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, Отанымыздың көркейіп, орнықты дамуы жолында игіліктерге толы жемісті еңбек тілеймін!
Ізгі ниетпен,
«Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы
Ғалым Нұржанов