Login

Lost your password?
Don't have an account? Sign Up

Құрметті Ақбатыр Алуадинұлы!

Компания атынан туған күніңізге байланысты шын жүректен құттықтауларымыз бен игі тілектерімізді қабыл алыңыз!

Еңбегіңіз   еленіп  құрметті  демалысқа  шыққан  қуанышты күніңіз құтты болсын! Сіз, өз ісіңізге деген адалдығыңыздың арқасында геология саласындағы биік мақсаттарға жетуге зор үлес қостыңыз. Осы жолдағы еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес.

Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы атам деген атты иеленіп жүре беріңіз.

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет!

Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын.

Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін!

Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!

Сізге деген құрметпен

«Қазгеология» АҚ Басқармасы

close-link