«Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі ниетпен,
«Қазгеология» АҚ
Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов