Противодействие коррупции
КОМПЛАЕНС
Құрметті қызметкерлер мен серіктестер,
«Қазгеология»АҚ Комплаенс-офицерінің парақшасына қош келдіңіздер!
«Қазгеология» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Комплаенс-офицері Компания қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүзеге асырады, сондай-ақ Қоғам ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты – лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мінез-құлықтың жоғары стандарттарын жақтаушылықты қалыптастыру, ашық және адал жұмыс жүргізу, іскерлік беделді нығайту және Қоғамға деген сенімді арттыру.
Біз серіктестерге, клиенттерге және Қоғам қызметкерлеріне табанды түрде кеңес береміз: егер Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер мен этикалық нормаларды, сондай-ақ Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілерін бұзуға тап болсаңыз, онда бұл туралы келесі байланыс арналары арқылы Комплаенс-офицерге хабарлай аласыз:
Телефон бойынша: 8 (7172) 768 016
E-mail: compliance@kazgeology.kz
Пошталық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Достық көшесі 18.
Біз құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік береміз.
Өтініштердің 100% қаралады.