Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі – Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін компанияда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін «Қазгеология» АҚ органы. Ішкі аудит қызметінің қызметіне жетекшілік етуді Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды, ішкі аудит саласындағы қызметтің жалпы қабылданған стандарттарын және корпоративтік стандарттарды қолдана отырып, корпоративтік басқаруды бағалауды жүргізеді.
Ішкі аудит қызметі өз қызметін «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесі бекітетін тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспар негізінде жүзеге асырады.
Аудиторлық есептердің нәтижелері, негізгі анықтаулар және тиісті ұсынымдар Компанияның Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.