Тағылымдама
«Қазгеология» АҚ Қазақстанның геологиялық саласының кадрлық әлеуетін дамытуға басымдық береді. Осы бағыт бойынша жұмыстың маңызды бөлігі – әртүрлі деңгейдегі бейінді оқу орындарымен өзара әрекеттесу. Үміткердің практикадан немесе тағылымдамадан өтуін ұйымдастырудың негізгі мақсаты – үміткердің жұмыста кейіннен пайдалануы үшін практикалық тәжірибе мен дағдыларды меңгеруі. «Қазгеология» салада мансап құрудың алғашқы қадамы ретінде студенттерге өндірістік практика мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді, оның аясында олар өз мамандығы бойынша теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайларда меңгеретін практикалық дағдылармен бекіте алады, өз күштерін сынап көріп, өздерінің болашақ мамандықтары туралы көбірек біле алады.
Ынтымақтастық білім беру ұйымдарында жас мамандарды мақсатты даярлауды, компанияда өндірістік практика жүргізуді, ғылыми саладағы ынтымақтастықты және тағы басқаларды көздейді.
Практикадан өту кезінде студентке жұмыс орнында бейімделуге көмектесетін тәжірибелі тәлімгер тағайындалады.
Осы уақыт ішінде өзін жақсы көрсеткен студенттер компанияның кадрлық резервіне қабылданады.
Практикадан/тағылымдамадан өту міндеттері:
- Үміткерлердің практикалық тәжірибе мен жұмыс дағдыларын меңгеруі
- Қоғамға жүктелген міндеттер мен функцияларды практикалық зерттеу
- Үміткерді Қоғам жұмысын ұйымдастырумен таныстыру
- Үміткердің оқу процесінде алған білімдерін бекіту және тереңдету.
«Қазгеология» АҚ-да практикадан немесе тағылымдамадан өтуге қалай үміткер болуға болады?
Қоғамда практика немесе тағылымдамадан өтуді қалайтын үміткер келесі құжаттарды жібереді:
1. Өтінішхат
Үлгіні жүктеу (.doc 120 kb)
2. Өтінім
Үлгіні жүктеу (.doc 36 kb)
3. Түйіндеме
Практикадан немесе тағылымдамадан өту үшін үміткерді сипаттайтын өзге де құжаттар
Ұсынылған құжаттарды талдаудан өткеннен кейін және практикаға немесе тағылымдамаға қабылдау туралы шешім қабылдағаннан кейін практикадан/тағылымдамадан өту туралы Шарт жасалады.