“Қазгеология” АҚ Басқарма төрағасының Геолог күнімен құттықтауы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Тәуелсіз Қазақстан тарихында арнайы мерекелер қатарына қосылып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ресми мереке ретінде тойланып отырған Қазақстанның Геолог күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл кәсіби мерекені тойлауды сәуір айына белгілеудің де өз сыры бар. Сәуір айы қыс қаһары қайтып, жер тынысы кеңіп, жазғы маусымдық жұмысқа дайындықты бастап, экспедицияларға шығуға лайықты кезең. Жер қойнауын қазып, ел игілігіне жаратуға пайдалы қазбаларды іздеу жеңіл мамандық емес. Өйткені, біздің кәсіби өміріміздің басым бөлігі іздеу, табу жолында өтеді. Геологтардың еңбек жолы қилы да ауыр.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сіздерге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілеймін. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Ізгі ниетпен,
«Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы
Ғ. Нұржанов