Қазгеология Анастас-Қатын адыр учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде
«Қазгеология» АҚ «Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Анастасьев-Қатын адыр аймағының шегінде мыс-колчедан кендерін іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу (Үсіп вулкан-тектоникалық депрессиясының Қатын адыр жергілікті кальдерасындағы учаске), М-40-70-А-парағы, келісімшарт аумақтар алып тасталады» мемлекеттік тапсырма жобасының шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі геологиялық міндет – мыс-колчедан кендері көріністерінің перспективасын бағалау болып табылады.
Объектінің бүкіл алаңында базальтті порфириттер, диабазалар, сирегірек гиалобазальттар, андезитобазальтті порфириттер мен кремнийлі жыныстар көрінетін базальт-риолит формациясындағы жоғарғы қабатының құралымдары өрістеген. Экструзивтің және субвулкандық жыныстардан мұнда риолиттік әрі риодациттік порфиралар, габбро-диабазалар кең тараған.
Жұмыстар учаскесі көлемі 1,5х1,2 км жыра кальдерасына орайласқан, ол меридианалдық, ені кең әрі диагональ бағытындағы тектоникалық бұзылымдармен күрделенген.Жыныстар оңтүстік шығыста жазықтықта басталып, күрт көтеріледі.
Жыныстарда кен құрайтын көріністер бар, гидротермальды қайта өңделу процестері кең таралған. Оларға неғұрлым тән метасоматикалық құралымдар: кварц-хлориттері, кварц-серицит-хлориттері, кварц-серицитті метасоматиттер, олар ұсақ мыс-колчедан кенденуін көрсетеді.
Осы объектіде дайындық жұмыстары барысында 2 перспективалы аймақ ажыратылды: орталық және солтүстік.
Орталық аймақта ізашар геологтар бірнеше ұңғыма бұрғылап, олардың кейбіреуінде кен бар болып шықты. Биылғы жылы C2 санаты бойынша мыс, мырыш пен күміс қорларын есептеу мақсатында, жалпы көлемі 2830 қ.м 12 ұңғыма бұрғыланды.
Солтүстік аймақта аудандағы ауыртпалық күш аномалиялары картасын қйта интерпретация жасау нәтижесінде әрі ВП-ДОЗ әдісімен полярлануы жоғары және кедергісі төмен аномалия анықталып, тағы 1 ұңғыма бұрғыланып, онда мыс құрамы 1,61% және күміс 13,3 г/т. құрайтын, қуаты 3м минералдануы өнімді аймақ ашылды.
Биылғы жылы аномалияның созылуын зерттеу мақсатында, Солтүстік аймақта ВП-ДОЗ әдісімен көлемі 6 қ.км геофизикалық зерттеулер жүргізілді.Нәтижесінде аталған ұңғымадан солтүстікте 200 м қашықтықта тереңдігі 170,0 м ұңғыма бұрғыланып, онда кен бар болып шықты. Қазіргі сәтте, минералдануы өнімді аймақта оның морфологиясы мен элементтер орналасуын нақтылау үшін бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Осы аймақтағы жұмыстар нәтижесінде болжамды қорлар есептеледі.
Биылғы жылы жобада көзделген бүкіл бұрғылау жұмыстарының көлемін (3450 қ.м.) аяқтап, ICP-OES әдісімен зертханалық зерттеулер нәтижелерін алып, сондай-ақ ұңғымалар байламы мен таукен әзірлемелерін орайластырып, жұмыстар учаскесінде топографиялық түсіру жүргізу жоспарлануда.
АО «Казгеология»