Қазгеологияда «Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» жобасы бойынша кеңес өтті
Oct 29, 2020
2020 жылғы 28 қазанда «Қазгеология» АҚ конференц-залында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешевтің басшылығымен Қазгеология» АҚ-қа «Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» жобасына қатысты жұмыс бабындағы кеңес өтті.
Осы жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілуде.Оған ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің Төрағасы Сәтиев Т.Б., «Қазгеология» АҚБасқармасы Төрағасы Боранбаев А.К. және «Транстелеком» АҚ өкілдері қатысты.
Кездесу шеңберінде жауапты бөлімшелер баяндамалары тыңдалып, жобаның ағымдағы мәселелері талқыланды.
АО «Казгеология»