Аметист
Аметист кварцтың бір түрі әрі кремнеземге жатады. Оның құрамында темір, марганец, кобальт сияқты элементтер қоспалары бар.
Минерал, көбінесе сұр түсті тау жыныстарының етегінде өседі. Бұл тас табиғи түрде ромбқа ұқсас ұзыншақ нысандағы жартылай ашық кристалл түріндегі құралымдардан құралады.
Бұл тастың оған тартатын ерекшелігі – ашық сия түсі. Минерал түсінің қанықтығы жағынан солғын түстен бастап, шымқай қара түске дейінгі реңкте кездеседі. Неғұрлым жарық мол жерде соғұрлым жақсы көрінеді: реңкі жарқырап, оттай жанады.
Аметисттің ерекше ашық сия түсін минералогтар әртүрлі түсіндіреді.Тастың бұл түсін оның құрамындағы кобальт, марганец пен темірдің араласуымен түсіндіреді. Енді біреулері оны құрамында органикалық пигменттер болуымен түсіндіреді. Кейбіреулер бұл түсін оның төлтума кристалл негізінің бұзылуымен әрі темір иондарының болуымен түсіндіреді.
Күнге күйген кезде минерал қоңырқай тартып, боякы көмескі тартады.Егер тасты 200 градусқа дейін қыздырса, ол сары түстен бастап, жасылға дейін түсін өзгертіп, тіпті, мүлде түссіз күйге түседі. Аметист суыған сайын бастапқы күйіне қайтып келеді.Өзінің өмірінің әрбір 25 жыл кезеңінде минерал шамамен 20%-ке түсінің әрін жоғалтады.
Қолднылуы: Бағалы жартылай асыл тас, зергерлік ісінде бейнелік кескіндеме үшін қажет материал ретінде пайдаланылады. Бояуы қанық қызғылт сия түсі мен ашық сия түстері жоғары бағаланып, зергерлік әшекейлерде гауһармен және зүбәржатпен бірге өте қымбат зегрелік бұйымдарда пайдаланылады. Аметистті өңдеген кезде оны гауһар сияқты сатылы түрде зергерлер өз қиялына қарай өңдеп, кабошон сипатында зерлейді. Коллекционерлер табиғи күйдегі әдемі үлгілерін жақсы бағалайды.