Қазгеология мемлекеттік тапсырмалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын аяқтайды
Қаззіргі уақытта, «Қазгеология» АҚ мемлекеттік тапсырма 9 объектісі бойынша геологиялық барлау жұмыстарын аяқтады.
2 объекті бойынша геологиялық барлау жұмыстарының түпкілікті есептерін қорғау табысты өтті:
1) «Солтүстік Ақтан кен өрісінде қорғасынға, мырышқа іздеу-бағалау жұмыстары (Солтүстік Қазақстан облысы)» объектісі бойынша түпкілікті есеп Қоғам ТК-де 27.10.2020ж. қаралып, «Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД Пайдалы қазбалар қорларының өңірлік комиссиясында қорғалды. Жұмыстар 2018-2020 жж. кезеңінде орындалды.
Жұмыстар жүргізу учаскесінің алаңы 0,332 ш.км. құрайды.
Жұмыстар нәтижесі бойынша 15 кен тәні мен 46 линзаға контур жасалды, С2 санаты бойынша қорғасынның жалпы қоры – 532,7 т., мырыш – 1408 т. кендегі қорғасынның орташа құрамы – 0,11%, мырыш – 0,29%.
2) «Зырянов кен ауданы, Ревнюшинская алаңында алтын-полиметалл кендерін анықтауға алаңдағы ірі масштабты іздеу жұмыстары (Шығыс Қазақстан облысы)» объектісі бойынша түпкілікті есеп Қоғам ТК-де 27.10.2020ж. қаралып, «Шығысқазжерқойнауы» ӨД-де қаралды. «Шығысқазжерқойнауы» ӨД мен «Қазгеоақпарат» РГАО қорларында есепті тұрақты сақтауға тапсыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыстар нәтижесі бойынша По результатам работ подсчитаны прогнозные ресурсы категории P2 санаты бойынша болжамды ресурстар: алтынның мөлшері 10,994 т, алтынның орташа құрамы – 0,219 г/т.
Басқа объектілер бойынша түпкілікті есептер өңіраралық департаменттер мен рецензенттер қарауында жатыр.
АО «Казгеология»