Геологиялық барлауға шетелдік инвестицияларды тарту
«Қазгеология» АҚ қатты пайдалы қазбалар нарығына бағдарланған жалғыз Ұлттық геологиялық барлау компаниясы болып табылады. Іс жүзінде шетелдік инвесторлар жоспарлау кезінде мемлекет қатысатын ұйым серіктес ретінде әрекет ететін жобаларға басымдық береді.
Осы бағыт аясында «Қазгеология» АҚ учаскелерді таңдау, геологиялық барлауды жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану құқығын алу процесінен бастап инвесторларды толық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2016-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ геологиялық салаға инвестициялар тарту мақсатында «Қазгеология» АҚ ірі тау-кен өндіруші компаниялармен, оның ішінде: Rio Tinto (Австралиялық-Британдық концерні), Ulmus Fund B.V. (Германия), Yildirim Holding A.S. (Түркия) табысты ынтымақтастықты жүзеге асыруда.
Жоғарыда аталған және басқа да, соның ішінде шетелдік компаниялармен стратегиялық әріптестік асында «Қазгеология» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында 44 инвестициялық геологиялық барлау жобасын іске асыруда. 2021 жылы Қоғам шамамен 10 943 млн.теңге инвестиция тартты. Инвестициялық жобалар шеңберінде шамамен 77,2 мың км2 барлау алаңы қамтылды және 2021 жылға арналған стратегиялық көрсеткіштер орындалды. Қоғам геологиялық барлауға тартылатын шетелдік инвестициялар сомасын 2025 жылға қарай 100 млн АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Қазгеология» АҚ AbuDhabiDevelopmental Holding Company (БАӘ), ADQ (БАӘ), Eni S.p.A. (Италия), Mescekers Ltd. (Венгрия), Prospectiuni S.A. (Румыния) және т.б. компаниялармен бірқатар келісімдер мен меморандумдар жасасты. Осы компаниялармен бірлескен әріптестік жөніндегі жұмыс жалғасуда және ынтымақтастық шарттарын талқылау сатысында тұр.
«Қазгеология» АҚ өкілдері Kinross (Канада), Anglo-American (Ұлыбритания), Freeport – McMoRan (АҚШ) және т.б. компаниялармен келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар, инвесторлардың «Қазгеология» АҚ-мен инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделілігі Торонто қаласында (Канада) өткен PDAC-2022 халықаралық конференциясы аясында расталды. Condor Petroleum Inc. Президенті Дон Штроймен келіссөздер жүргізіліп, Exploration Mapping Group Inc., B2Gold, Scintrex, BRGM, NEW AGE METALS INC., Arras Minerals, Geological Survey of Finland, Orix Geoscience, Phoenix Geophysics, Kuvawala Core Drill Eqpt.Pvt.Ltd. компанияларымен кездесулер өтті.
«Қазгеология» АҚ әлеуетті инвесторлармен жұмыс жасауды жалғастыруда – электрондық байланыс түрлері арқылы кездесулер, келіссөздер және хат алмасу жүргізілуде.