Компания стратегиясы
Геологиялық саланың серпінді өсуін қамтамасыз ету, инвестициялар мен озық технологияларды тарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылы «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) құрылды.
Салалық міндеттерді шешу үшін қоғам Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып, қызметтің миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын 2016-2025 жылдарға арналған осы Даму стратегиясын әзірледі.