Жалғыз акционер
«Қазгеология» ҰГК» АҚ акцияларының 100 пайызы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға тиесілі
«Қазгеология» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы №684 қаулысына сәйкес құрылды.
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына сәйкес «Қазгеология» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілді.
«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 08.09.2023 ж. №650 бұйрығымен «Қазгеология» АҚ акцияларының 100% мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілді.
14.09.2023 ж. №1707-И Иеліктен шығару шартына сәйкес, «Қазгеология» АҚ-ның дауыс беретін акцияларының 100%-ы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның сатып алынатын жай акцияларын төлеуге берілді.
Жалғыз акционер туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ресми сайтынан алуға болады.