Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Қазгеология» ұлттық мемлекеттік компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің ішкі отырысы өтті.
"Қазгеология "ҰГК" АҚ Директорлар кеңесі мен басқармасының құрамында кадрлық өзгерістер болды.
Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес “Қазгеология “ҰГК” АҚ Директорлар кеңесінің құрамына “Тау-Кен Самұрық “ҰГК” АҚ Басқарма Төрағасы Чирчикбаев Бақыт Амангелдиевич және бизнесті дамыту жөніндегі Бас директор Абсаметов Нариман Малисұлы кірді.
2023 жылғы 15 тамызда “Қазгеология” ҰГК “АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Б.А. Чирчикбаев сайланды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай құрамдарда қалыптастырылды:
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет төрағасы – Перзадаев М.А, тәуелсіз директор; Комитет мүшесі – Копеев М. Ж., тәуелсіз директор; Комитет мүшесі – Абсаметов Н.М.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитет: Комитет төрағасы-Б. А. Чирчикбаев (ДК төрағасы болып сайланған жағдайда); Комитет мүшесі-Д. А. Килыбаев, тәуелсіз директор; комитет мүшесі-М. Ж. Копеев , тәуелсіз директор; комитет мүшесі-М. А. Перзадаев, тәуелсіз директор
Аудит жөніндегі Комитет: Комитет төрағасы – Д.А.Килыбаев, тәуелсіз директор; комитет мүшесі – М. Ж. Копеев, тәуелсіз директор; комитет мүшесі – Н. М. Абсаметов.
2023 жылғы 15 Тамызда “Қазгеология “ҰГК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары Бауыржан Илесұлы Амирбековпен және Бакытжан Сержанұлы Нурмаганбетовпен өкілеттіктері мен еңбек қатынастары мерзімінен бұрын тоқтатылды.