2022 жылғы 7 желтоқсанда Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның барысында бірқатар мәселелер қаралды.
Жалғыз акционердің (ҚР ЭГЭҚМ Геология комитетінің 108-НҚ бұйрығы) 10.02.2022 ж. шешіміне сәйкес «Қазгеология» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамдық құраммен үш жыл мерзімге қайта сайланды. ҚР ЭГПР Вице-министрі – Талғат Амагельдиевич Момышев Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, сондай-ақ Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелері қайта сайланды.
Басқарма құрамында кадрлық өзгерістер болды-Басқарма Төрағасының өндірістік процесті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары лауазымына Бекмұхамбетов Миржан Жасұланұлы тағайындалды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңын сақтау мақсатында Комплаенс-офицер болып Нұртаев Қуандық Темірханұлы тағайындалды. Қоғамның қазіргі мәселелері де талқыланды.