«Қазгеология» ҰГБК» АҚ акцияларының 100 пайызы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға тиесілі
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына сәйкес «Қазгеология» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілді.
«Қазгеология» АҚ дауыс беруші акцияларының 100%-ы геологиялық барлау және қазба өндіру саласындағы жетекші қазақстандық компаниялардың бірі – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясына берілді.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы «Қазгеология» АҚ Жалғыз акционерінің міндеттемелері мен құқықтарын өзіне қабылдайды. Барлық қолданыстағы жобалар бойынша серіктестер мен инвесторлар үшін талаптар өзгеріссіз қалатынын атап өтемін. Сонымен қатар, біз ынтымақтастықтың әлеуетті периметрін кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Өзара мүдделілік жағдайында, «Тау-Кен Самұрық» құрылыс және пайдалану кезеңдерінде инвестициялық жобаларға қатыса алады» – деп мәлімдеді «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының төрағасы Бакыт Чирчикбаев.
«Қазгеология» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ геологиялық барлау нарығындағы өз позицияларын нығайтады және табиғи ресурстарды зерттеу және өндіру бойынша ауқымды жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктерді арттырады. Екі компания арасындағы ынтымақтастық шеңберінде кешенді геологиялық-геофизикалық ізденістер жүргізу, минералдық ресурстарды зерделеу және қатты қазбалар кен орындарын игеру жоспарлануда.