Боранбаев Анвар Кимович
Туған күні: 1967 жыл 17 қазан
Білімі:
1992 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері-геофизик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы еліміздің мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарында бастаған.
Жұмыс тәжірибесі:
1999 — 2003 жж. — «Өзенмұнайгаз» АҚ, геологиялық талдау бөлімінің бастығы;
2003 — 2004 жж. — «Тұран Әлем Банкі» ААҚ, инвестициялық банкинг басқармасының сарапшысы;
2004 — 2006 жж. — «Танашмұнайгаз» АҚ, Геология және өндіріс жөніндегі вице-президент;
2006 – 2009 жж. – «Теңге» БК ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары, Бас директоры, Бақылау кеңесінің мүшесі.
2009 – 2010 жж. – «КИНГ» АҚ, Геология және өндіру жөніндегі басқарушы директор.
2010 – 2014 жж. – мұнайгаз секторы кәсіпорындарына консалтинг қызметтерін көрсетті. 2013 жылғы ақпан – 2014 жылғы маусым кезеңінде «Көлжан Ойл» ЖШС директоры болды.
2014 – 2016 жж. – «КИНГ» АҚ, Бас директордың кеңесшісі.
- 2016 ж. – 05.2016 ж. – «Амир ЛТД» ЖШС, Компания директоры;
09.2016 ж. – 07.2017 ж. – «Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық орталығы» АҚ, Басқарма Төрағасы;
07.2017 ж. – 02.2018 ж. – «Сейсмология институты» ЖШС, Директор.
- 2018 ж. – 02.2020 ж. – «Алстронтелеком» ЖШС, Консультант. Көмірсутекті кен орындары геологиялық-гидродинамикалық модельдерін құру жұмыстарын сарапшылық қолдау.
2020 – 2022 жж. – «Қазгеология» ҰГК» АҚ Басқарма Төрағасы.