«Қазгеология» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-конференция өкізілді
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 01.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін «Қазгеология» АҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының шеңберінде 2020 жылғы 6 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдардың заңнамалық негіздерін жетілдіру» тақырыбында онлайн- конференция өкізілді.
Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сөз сөйледі.
Сөз сөйлеген кезінде Жылқышиева қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белгілі бір көмек көрсеткен азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесі, жақын туыстардың бірге жұмыс істеуін шектеу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға арандатқаны үшін жауаптылық бойынша қабылданған заңнамалық шаралармен таныстырды. Жұртшылықпен қзара іс-қимыл жасау жөніндегі «Адалдық алаңы» жобалық офисі филиалдарының жұмысы туралы қосымша хабардар етті. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 365-VI ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік функциялар атқаруға өкілетті тұлғаларға теңестірілген лауазымды тұлғалар шеңберін кеңейту мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Онлайн-конференция барысында «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасы А.К. Боранбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж. Жылқышиева «Қазгеология» АҚ-та «Комплаенс қызметін» құру мәселесін талқылады.
Онлайн-конференция барысында Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж. Жылқышиеваға конференцияға қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» ҚР Заңының орындалуы туралы сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына ден қою шаралары талқыланды.
Қаралған мәселелерді бекіту мақсатында, тақырып бойынша бейне ролигі көрсетілді.