Ұңғыма бұрғылау
Қоғам бұрғы жабдықтарының паркі 8 бұрғы қондырғысынан тұрады, олрдың ішінде: 3 қондырғы Atlas Copco (тереңдігі 1 200 м), 2 қондырғы Dando фирмасы (тереңдігі 800 м) және 3 жаңа бұрғы қондырғысының маркасы Epiroc Вoyles С5 (тереңдігі 800 м), Epiroc Вoyles С6 (тереңдігі 1 200 м). Барлық жабдықтардың жалпы өндірістік қуаты айына 7200 қ.м, жыл бойы жұмыс жүргізе алады.
Бұрғы жабдықтары геологиялық барлау саласындағы ең соңғы талаптарға сай: керн шығымын кемінде 90-95% қамтамасыз етеді, керн қабылдағыш дереу алынады, екі жақты ұстындық снарядтар қолданылып, қатты пайдалы қазбалар жылдамдығы жоғары алмас ұстындық снарядпен бұрғыланады. Бұрғы жабдықтары күрт өзгеретін құрлық климаттың күрделі жағдайында тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін пневма жүрісті тіркемелі шассиге бұрғы жабдығында орнатылады.
Бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін теңгерімде 2 әмбебап көп функциялы өздігінен жүретін Watertec 12.8 бұрғы қондырғылары бар. Олар DANDO Drilling Int. (Ұлыбритания) компаниясы өндірген Iveco Tracker жүк автомобилінің базасында, 800 м дейінгі тереңдікте ҚПҚ-ға алмалы-салмалы керн қабылдағышы бар, алмас ұстындық снарядпен де, сондай-ақ 750 м дейінгі тереңдікте пневмосоққымен ротор бұрғысымен де, 400 м дейінгі тереңдікте RC (reverse circulation) кері циркуляция әдісімен де бұрғылау түрлерін жүргізуге қабілеті бар.