«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ пен «Ғарыш зерттеулері мен технологияларының ұлттық орталығы» АҚ онлайн кездесу өткізді
20.11.2020ж. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) мен «Ғарыш зерттеулері мен технологияларының ұлттық орталығы» АҚ (бұдан әрі – ҒЗТО) қатты пайдалы қазбалар минералдануы аймақтарын, перспективалы мұнайгаз құрылымдарын және геодинамикалық мониторингті анықтау үшін Жерді қашықтан зондтаудың (ЖҚЗ) ғарыш әдістерін пайдалану мүмкіндігі туралы бейне конференц байланысы режимінде келіссөздер жүргізді.
«2021 – 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геологиялық барлауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасының 5.1.6. «Пайдалы қазбалар кен орындарын болжаудың жоғары технологиялы әдісттерінің кешенін жүргізу» бөлімінде зерттеулердің озыңқы әдістері түрінде де және дербес іздеу әдістері ретінде де геологиялық барлаудың басқа да қазіргі заманғы әдістерімен (жылжымалы нысандағы әдіспен геохимиялық карта жасау, гравибарлау нысанындағы аэрогеофизикалық әдістер, аэромагнитті және аэрогамма-спектрометриялық түсірім) қатар Жерді қашықтан зондтаудың әдістерін қолдану көзделген.
Анықтама: ҒЗТО қызметінің нысанасы – мемлекеттік, салалық, халықаралық бағдарламалар және жобалар шеңберінде іргелі әрі қолданбалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ таукен жыныстарына геологиялық карта жасау, кен орындарын (мыс- порфира және т.б..) іздеу, ЖҚЗ әдістерін пайдаланып, перспективалы мұнайгаз құрылымдарын табу үшін отандық және шетелдік қорлар гранттары бойынша жұмыстар орындау.