Озық технологиялар трансферті
Жұмыстар сапасы мен дерекдердің дәл болуына қойылатын талаптар күннен күнге артуда. Бұл энергия көздерінің, шикізат түрлерінің түгесіліп, дәстүрлі кен орындарының азаюына байланысты . Это связано с тем, что человек зависим от энергоносителей, потребности в других видах сырья и исчерпании традиционных месторождений. Инновациялық технологияларды дамыту ғана проблемаларды шешеді.
Күні бүгін, жоғары технологиялар көмегімен қысқа мерзімде ондаған жылдар бұрын мүмкін болмаған рәсімдер көмегімен орындалуда.
Геологиялық барлаудың негізгі рәсімі жергілікті жерлердегі геофизикалық жұмыстар орындау. Геофизикалық зерттеулер қиықтың геологиялық құрылысын зерттеу, ҚПҚ-ға өнімді қатпарларды ажырату үшін орындалады.
Электромагнит технологияларын қолдану пайдалы қазбалар іздеу әрі барлаудың өте тиімді құралы болуда.
Геологиялық құрылысы күрделі зерттеу кен орындарын зерттеу кезінде геофизикалық әдістер ролі кен объектілерін тікелей іздеу емес, кен бақылаудың әртүрлі жанама нышандарын іздеуге келіп саяды (құрылымдық-тектоникалыққұрылысын талдау,кен бақылаудың аймақтық әрі жанама факторларының элементтерін анықтау).
Күні бүгін, кен магнитотеллурикасын практикаға тығыз енгізу пайдалы қазбалар кен орындарының түрлерін болжау әрі құрылымдық картасын жасау міндеттерін шешу кезінде тиімді құрал болуда. Кен іздеу міндеттерін шешу үшін кен магнитотеллурикасы әдісін енгізу электр барлауы зерттеулерінің тереңдігін елеулі арттырып, тереңде жатқан ірі кен орындарын геофизикалық деректер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, пайдалы қазбалар кен орындарының түрлерін іздеу кезінде озыңқы жұмыстар жүргізіп, жер қыртысы құрылыстарын тереңдікте зертету үшін заманауи аэрогеофизикалық жүйелер қолданылуда. Жер бетінде геофизикалық зерттеулер жүргізу кезінде бірнеше жүз мтер тереңдікте геологиялық құрылымдарының электротомографиясының тиімділігін еселеп арттыратын жаңа электр барлауы әдістері мен жабдықтарын кеңнен қолданылуда. Геофизикалық зерттеулер нәтижелерін талдау әрі интерпретациялау үшін геофизикалық өрістердің моделін жасауға, негізгі құрылымдық геологиялық ерекшеліктерін зерттеуге әрі пайдалы қазбалар табу перспективасын алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін замануи бағдарламалық қамтылым пайдаланылуда.
AirTEM бірегей технологиясы қиықтың үстіңгі әрі астыңығы бөліктерін бір мезгілде талдауға мүмкідік береді, ал басқа жүйелерде 400 мтерге дейінгі тереңдікте осы міндетті орындау үшін әртүрлі кешендерді пайдалану керек.Екі базалық жиілікте жұмыс істеу режимі екі жиіліктегі генераторды қолдану есебінен шешімділігі жоғары қиықты ажыратып, онда неғұрлым жиілігі жоғары жоғарғы қатпарын тәптіштеуге, төменгі жиілігі қиықтың тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйенің қатты құрылысы AirTEM бастапқы деректерінде шуды азайтып, тікұшақтардың кез келген маркасы мен үлгісін пайдалануға мүмкіндік береді, яғни олардың күрделі жер бедеріне қарамастан жұмыс істеуге әрі желдің жылдамдығы 10 түйіннен (5 м/сек-тен артық) асқан кезде де жұмыс істей алады.
«AirTEM көлемі (диаметрі 9 м) түсіру тиімділігін жақсарту үшін дала жағдайында жүйені оп-оңай бұруға мүмкіндік береді.