«Қазгеология» АҚ-та Геолог күніне арналған салттанатты іс-шара өткізілді
«Қазгеология» АҚ-та Геолог күніне арналған салттанатты іс-шара өткізілді.
Жер қойнауын зерттеушілерді кәсіптік мерекемен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Брекешев пен ҚР Геология комитеті төрағасы Т. Сәтиев құттықтады. Сондай-ақ, «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы А. Боранбаев пен Бас геолог Б. Хамзин құттықтау сөздерін сөйледі.
Компания қызметкерлері геология саласындағы көп жылғы еңбегі және елдің минералдық-шикізат саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін наградалармен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы өндірістік геология ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ наградаларымен марапатталды.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында «Геология балалар көзімен» бала суреттерінің конкурсы өткізілді. Барлық қатысушылар грамоталар мен бағалы сыйлықтар алды.
«Қазгеология» АҚ