«Қазгеология» АҚ және «Condor Energy Inc ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2022 жылғы 2 тамызда «Қазгеология» АҚ және Condor Energy Inc Қазақстан Республикасының аумағындағы қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, барлау және бағалау және ықтималды игеру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумда «Қазгеология» компаниясының Condor компаниясына арнап перспективалық жобаларды іріктеуі және дайындауы қарастырылған.
Меморандумның мақсаты тараптардың бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша келісілген ниеттерін бекіту болып табылады.
Тараптар сондай-ақ қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін Жобалардың болашағын алдын ала зерделеу және талдау мақсатында «Қазгеология» ұсынған жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат пен рефераттарды алу бойынша бірлескен жобаларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың әртүрлі форматтары туралы келісті.
Сонымен қатар, тараптар қабылданып жатқан шешімдер туралы жедел ақпарат алмасуды және қажет болған жағдайда Келісімді іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау және жобаларды табысты іске асыру мәселелерін қарау үшін өз өкілдерінен жұмыс топтарын құруды жоспарлап отыр. Құжат тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестігін нығайтуға бағытталған.