Жанай учаскесі
Жанай учаскесі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында, Сәтбаев қаласынан оңтүстік шығыста 20 км қашықтықта орналасқан.
Жанай учаскесіндегі жұмыстар мембюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жобалау жұмыстарының басты міндеті – Р1 мен Р2, санаттарындағы болжамды ресурстарды бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау, одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында, Жезказған ойпаты шегіндегі Жанай учаскесінде іздеу жұмыстарын жүргізу.
2021 жылы «Қазгеология» АҚ жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары кезеңінде алғаш рет Жанай учаскесінде Atlas Copco Boyles C6 бұрғы агрегатымен терең ұңғымаларды қазып өтуді жүзеге асырады..
Күні бүгін тереңдігі 1000 қ.м 2 ұңғыманың біреуі бұрғыланды. Ұңғыма Тасқұдық қаптамасының кен қатпарын ашты, 678 м тереңдікте құмдауыттар, алевролиттер мен сұрғылт жасыл түсті конгломераттар бар, жекелеген интервалдарда пирит пен халькопириттің сульфидтік минералдануы байқалады.
Жанай учаскесінің перспективасы зертханалық зерттеулер мен камералдық жұмыстар жүргізілген соң, олардың нәтижелері бойынша айқындалады.