Қазгеология Солтүстік Ақтан кен өрісінде іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуде
«Қазгеология» АҚ Солтүстік Ақтан кен көрінісінде іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуде. Учаскенің алаңы 0,332 км2 құрайды. Жұмыстардың мақсаты – қорғасын, мырыш және өзге де пайдалы қазбалар кен көріністері мен перспективалы учаскелерін ажыратып, контурын жасау, С2 санаты бойынша қорғасын, мырыш қорларын, болжамды ресурстарын бағалау, сондай-ақ алдын ала геологиялық- экономикалық бағалу жүргізу және геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізуді негіздеу. Алдын ала деректер бойынша Солтүстік Ақтан кен көрінісі қорғасын, мырыш минералдануының температурасы төмен көріністеріне жатады, ол аракідік сканерленген жыныстар аймақтарында (метасоматикалық өзгерістер аймақтары) орналасуы ықтимал. 2018 жылы желідегі алаңда магнитті барлау әрі ВП-СГ әдісімен электр барлауын қамтитын геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешені орындалды. Сол жылы көлемі 6200 қ.м. тереңдігі 100-120 м 62 ұңғыма бұрғыланды. Ұңғымаларда қуаты 1,0 ден 7,0 м дейінгі қорғасын, мырыш минералдануының аймақтары анықталды. 2019-2020 жылдары көлемі 7900 қ.м. , тереңдігі 150-300 м бұрғыланды. Геофизикалық аномалия аймақтарын бағалау, сондай-ақ 2018 жылы алынған деректер бойынша кендену тереңдігін қадағалу үшін бұрғыланған ұңғымаларда сфалерит, галениттен көрінетін сульфидтің минералдануы және жыныстардың метасоматикалық өзгерістері аймақтарында пириттің өте көп минералдануы көрер көзге анық байқалады. Солтүстік Ақтан кен көрінісінің перспективасы геологиялық барлау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.
АО «Казгеология»