Қазгеология жобасы «Qazaqstan Project Management Awards 2020» ұлттық конкурсында ІІ орын алды
2020 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards 2020» мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті жетілдіру ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді.
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте басталған онлайн конкурсты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Жобалық басқару орталығының, UNDP Kazakhstan, ПРООН қолдауымен Мемлекеттік басқару академиясы іске асырды.
Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін әрі қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшы болуға және жаңа құзыреттер көрсетуге ынталандыру.
Конкурсқорытындысында”ЖЫЛДЫҢҮЗДІКЖОБАСЫ”аталымында:
I – орын (алтын) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілді – “Мінсіз судья”;
II – орын (күміс) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілді («Қазақстан Республикасы минералдық ресурстары деректерінің ұлттық банкі» ақпараттық жүйесін құру және енгізу» жобасы”);
III – үшінші орын (қола) – Ministry of Foreign Affairs, Republic of Kazakhstan (Инвесторлар тарту және қолдау көрсетудің үш деңгейлі жүйесін енгізу), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне берілді (Экспорт акселерациясы QazTrade).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!