Рио Тинтомен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау
Рио Тинтомен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау
2022 жылғы 31 мамырда «Қазгеология» ҰГБК» АҚ-да Қоғам басшылығының Rio Tinto компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар Қарағанды облысындағы «Балқаш Сарышаған» бірлескен геологиялық барлау жобасының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ 2015 жылы Тараптар жасасқан технологиялар мен инновациялар трансфері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің екінші және үшінші кезеңдерін іске асыру мәртебесін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағыттар бойынша одан әрі бірлескен қадамдар жасауға келісті.
Анықтамалық: «Rio Tinto» пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, игеру және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Ол пайдалы қазбаларды іздеумен, өндірумен және өңдеумен айналысады және әлемнің 35 елінде жұмыс істейді. Компанияның шикізат бағыттары – алюминий, мыс, алмаздар, энергия тасымалдаушылар, алтын, темір кендері және индустриялық минералдар.