“Қазгеология” АҚ мен Иранның MIDDLE EAST MINES DEVELOPMENT HORIZON компаниясы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
2022 жылғы 9 тамызда “Қазгеология” АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қ.Ә. Іргебаев және Иранның Middle East Mines Development компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі кеңесшісі Нажафи Али Ахмад геологиялық саладағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге сондай – ақ “Kazakh Invest” ҰК АҚ Investment Task Force жобалары бойынша басшысы-Б.Айтқұлов және “Қазгеология” АҚ инвестициялар департаментінің бас менеджері Б. Керей қатысты.
Айта кету керек, бұл компания Иранның 6 аймағында, соның ішінде Орталық Иран, Керман және Исфахан провинцияларында алтын, мыс, молибден, темір және басқа да кенсіз пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері: Қарағанды облысындағы БОРШЕТУКЕН учаскесінде құрамында алтын бар кендер мен ілеспе компоненттерді барлау, Қостанай облысындағы АРГО алаңында түсті және асыл металдарды барлау және Қарағанды облысындағы Бесшоқы алаңында Асыл және түсті металдарды барлау мәселелерін талқылады.