Қазгеология Қытай геологиялық қызметінің Сиань орталығымен ынтымақтастық жұмыстарын бастады
2022 жылғы 15 қыркүйекте «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Тағаш Е.Б. «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің инвестициялық форумы» (Zommeeting режимінде) тақырыбындағы 24-ші Қытай халықаралық тау-кен конференциясына қатысты.
«Қазгеология» инвесторларға алаң таңдау, барлау және жер қойнауын пайдалану құқығын алудан бастап жан-жақты қолдау көрсетеді.
Форум барысында «Қазгеология» инвестициялық барлау жобаларын жүзеге асыруда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін және осы саладағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтетінін білдірді.
Сондай-ақ, форумға «Ұлмус Бесшоқы» АҚ президенті Тимур Исаев қатысып, Қытай геологиялық қызметінің бастамасымен Қарағанды облысындағы «Бесшоқы» мыс-молибден кен орнының тұсаукесерін жасады. Аталмыш жоба «Қазгеология» АҚ-мен бірлесе жасалған».