Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Жалғыз акционерінің шешімімен, 22.09.2022 ж. №99 НК бұйрығы негізінде
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Жалғыз акционерінің шешімімен, 22.09.2022 ж. №99 НК бұйрығы негізінде «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы болып Тағаш Ельдар Бақытжанұлы тағайындалды.
Тағаш Ельдар Бақытжанұлы 1980 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі инженер» мамандығы бойынша бітірген;
Д.А. Қонаев атындағы университет – «Қаржы» мамандығы.
Тағаш Ельдар Бақытжанұлы еңбек жолын 2005 жылы бастап, әр түрлі уақытта келесі қызметтерді атқарған:
2005 ж.-2006 ж. – «Аджип Казахстан Норт Каспиан оперейтинг компании НВ» – жергілікті билік органдарымен байланыс бойынша кіші кеңесші.
2006 ж.-2007 ж. – «Аджип Казахстан Норт Каспиан оперейтинг компании НВ» – Үкіметпен және уәкілетті органмен байланыс бойынша үйлестіруші;
2007 ж.-2009 ж. – «Экскаватор» АҚ – экономика және маркетинг жөніндегі вице-президент;
2009 ж.-2010 ж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Астана қ. және Павлодар облысы – директор;
2012 ж.-2012 ж. – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы қ. – басқарушы директор;
2012 ж.-2015 ж. – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы – директор;
2016 ж.-2022 ж. «Қазгеология» АҚ – Басқарма Төрағасының орынбасары.
2022 ж. 2 қыркүйектен бастап – «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы.