22-23 қарашада Кореяның минералды ресурстарды геологиялық зерттеу институтының (KIGAM) өкілдерімен семинар өткізу аясында Геология және экология министрлігі ынтымақ
22-23 қарашада Кореяның минералды ресурстарды геологиялық зерттеу институтының (KIGAM) өкілдерімен семинар өткізу аясында Геология және экология министрлігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
KIGAM Қазақстандағы минералдық ресурстар кен орындарына, атап айтқанда литий, никель және аккумуляторлар өндіру үшін пайдаланылатын басқа металдарға қызығушылық танытты. Естеріңізге сала кетейік, KIGAM-геологиялық ғылымдарды дамыту институты, ол жасанды интеллект көмегімен сирек металдарды барлауға арналған технологияларды әзірлеуге маманданған.
“Қазгеология” ҰТК” АҚ ынтымақтастық мәселелері бойынша да, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде де жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.