Жұмыс бабындағы кездесуі өтті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ ЖӘНЕ «РОСГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС БАБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Москва, 2021 жылғы 25 наурыз. Қазақстан Республикасы делегациясының Россия Федерациясына жұмыс бабындағы сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев пен «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Әнуар Боранбаевтың «Росгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы – Бас директоры Сергей Горьковпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясының шекара маңындағы аумақтарында және басқа елдердің аумақтарында заманауи геологиялық-геофизикалық технологиялар қолданылатын пайдалы қазбалар барлау әрі іздеу саласындағы өзара тииімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әртүрлі сервистік жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктері талқыланды.