Херсон учаскесінде бұрғылау жұмыстары аяқталды
Херсон учаскесінде ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары аяқталды. 10.06.2022 жылғы жағдай бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұрын орындалған жұмыстардың авторлары жасаған жоғары минералдандырылған аймақтардың таралу болжамдарын растау/теріске шығару мақсатында 400 п.м. 2 ұңғыма және 2020 жылы геофизикалық зерттеулердің заманауи әдісімен куәландырылған бұрын жүргізілген геофизикалық алаң зерттеулері аномалиясының сипатын зерделеу үшін тереңдігі 200 п.м. 1 ұңғыма бұрғыланды. Сондай-ақ ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізілді, бұл егжей-тегжейлі зерттеу үшін қиманы бөлуге және аномалия құбылыстары бар аймақтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні деректерді аралық түсіндіру және жынысөзек және геохимиялық сынамаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жұмыстарды аяқтағаннан кейін зертханалық зерттеу нәтижелері мыс-порфир түріндегі кен орындарына тән іздеу белгілерін анықтау арқылы учаскенің перспективалылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Анықтамалық: Херсон учаскесі Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында, Херсон кентінің ауданында орналасқан.
Іздеу жұмыстарының негізгі міндеті пайдалы қазбалардың перспективалы кен көріністерін анықтап, контурлай отырып, С2 және Р1 санаттарының қорлары мен болжамды ресурстарын бағалай отырып, геологиялық жұмыстарды жүргізу, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу болып табылады.
Херсон учаскесі бойынша 2020-2021 жылдар аралығында 83 ұңғыма бұрғыланды. Атап айтқанда, геофизикалық ауытқуларды және бұрын анықталған минералдану аймақтарын бағалау үшін 74 іздеу-карталау сипатындағы ұңғыма және 9 іздеу мақсатындағы ұңғыма бұрғыланды.
2022 жылы қосымша зерттеу үшін жобаға өзгеріс енгізілді, зерттелетін алаңда мүжілу қыртысының қалың қабатының таралуына байланысты тау-кен үңгілеу жұмыстары бұрғылау жұмыстарына ауыстырылды.