Condor Petroleum-мен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау
2022 жылғы 09 маусымда «Қазгеология» АҚ-да Қоғам басшылығының «Condor Petroleum» (Канада) компаниясының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге «Condor Petroleum» мұнай-газ компаниясының басқарушы директоры Норман Сторм, Канада-Еуразиялық сауда палатасының басшысы Таскын Кошман, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ТМК жобаларының жетекшісі Бауыржан Айтқұлов, сондай-ақ «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы А.К. Боранбаев, «Қазгеология» АҚ Инвестициялар департаментінің директоры К.А. Иргебаев, «Қазгеология» АҚ бас геологы Б.С. Хамзин қатысты
Әңгімелесушілер бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін және жер қойнауын зерттеу және жаңа технологияларды пайдалану саласындағы Қазақстан-Канада ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жөніндегі жоспарларды талқылады.
Қазақстандық тарап ұйымның функционалдары шеңберінде бірлескен ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде канадалық тарап осы жылдың 13-15 маусымында өтетін PDAC халықаралық көрмесінде жоғарыда аталған диалогты бекітуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар перспективалық даму мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.